"Нағыз алматыша" Қоғамдық Қоры "Эфес Қазақстан" компаниямен бірлесіп "Салауатты жүргізуші Эфес" 2018 әлеуметтік жобасын жеделдетті.

Қормен бірге жоба үшінші жыл бойы жүріп жатыр. Ол автокөлікті мас күйінде жүргізу жағдайларын қысқартуға бағытталған.Жобамыздың ұраны - "Заңды құрметте әрі жақын-туыстарың туралы ойла! Мас жүргізуші - қылмыскер".

Бүкіл дүние жүзінде жол-көлік оқиғаларына келтіретін негізгі себептер болып есептелетіндер:

адами фактор; жол жабындысы сапасының төмен болғаны; нашар ауа-райы жағдайлары; автомобильдердің және басқа көлік құралдарының ақаулығы.

Өкінішке орай, "адами факторға" мас күйінде көлік жүргізу де жатады.  Қазақстандағы жол-көлік оқиғаларының ең көп саны Алматыда орын алады - Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректері бойынша, орта есеппен жалпы жылдық санынан 30%.

"Салауатты жүргізуші Эфес" Алматы қаласының 5 мекемесінде жұмыс істейді: «Марс», «Венеция», «Веранда», «Зияфет» және «Бастау БК».

Төменде мекен-жайлары көрсетілген тізімді табасыз.

Жұмыс уақыты 20.00-24.00, бүкіл апта күндері бойы.  Көрсетілген уақытта клиенттер "Салауатты жүргізуші" қызметін шақыру үшін біздің операторымызбен +7 705 266 99 11 нөмірі бойынша байланыса алады. Тапсырылған уақытта қызмет ТЕГІН көрсетіледі.

Осы бағдарламаның арқасында ішімдік ішкен адамның жол апатының себепшісі немесе құрбаны болуға қауіп туғызбай өз автокөлігімен үйіне оралу мүмкіндігі бар.

  1.  «Марс» кафесі - Розыбакиев көш., 135-үй.
  2. «Веранда» кафесі - Құрманғазы көш., 75-үй
  3. «Венеция» кафесі - Қайырбеков көш., 31-үй.
  4. «Бастау» БК (Кафе, бильярд, боулинг - Шагабутдинов көш., Бөгенбай батыр көш. қиылысы.
  5. «Зияфет» мейрамханасы - Сәтбаев көш., Желтоқсан көш. қиылысы.